среда, 23 октября 2013 г.

           22 қазан күні Қаратөбе аудандық  ОКЖ-де  «Бір ел-бір кітап» акциясының 2013 жылғы таңдалған  кітабы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабын насихаттау барысында «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты жыр кеші мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

 Қаратөбе өлкесінде республикалық «Бір ел  - бір кітап» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған шараға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Исатаева Р.Ж., Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Өтешова З.Б. қатысты.  Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Бердіғалиева Г.С.  шараның мақсат-міндеттеріне тоқталып, барша оқырман қауымға рухани байлық тіледі. Жыр кешінде ақынның өлеңдерін аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері мен кітапханашылар, жас оқырмандар ерекше нақышта, тебірене оқыды.


        Көрермендер назарына Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгереева мен филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ның оқытушысы Зейнолла Мүтиевтің ақын шығармашылығы хақындағы ой-пікірлері ұсынылды.
Өлең сөздің құдіретін ұғындырған кеште оқырмандар қиялына да қанат бітіп, кеш көрігін қыздыра түсті. Кітапхананың тұрақты оқырманы, ардагер ақын Гүлбағида Қорғанова поэзия падишасының өлеңдеріне талдау жасап, шығармаларынан үзінділер оқып, оқырман қауымды поэзияны құрметтеуге, әдебиетке құштар болуға үндеді.
Жергілікті өнерпаздар Рүстем Ақташев, Рысгүл Жұмағалиева, Тұрсынбек Ахметов, Нұршат Исламғалиев «Жайықтың толқындары», «Білмеймін...», «Фаризаға» т.б. әндерді орындады. 










Комментариев нет:

Отправить комментарий