пятница, 22 ноября 2013 г.

«Бір ел – бір кітап» – 2013 акциясы аясында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша Кітапханалық блогтардың Халықаралық байқауының қорытындысы 12 -желтоқсанда  жарияланады.
Құрметті байқауға қатысып жатырған әріптестерім, барлығыңызға сәттілік тілеймін! 

четверг, 31 октября 2013 г.

      29 қазан күні Ж.Молдағалиев атындағы БҚО ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен  Орал және мұнай-газ салалық технология  колледжінде  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, ақын Фариза Оңғарсынованың  шығармашылығына арналған «Тыңда, мені жүрекпен!» атты ән-жыр кеші өтті.

Еліміздің оқу мәдениетін дамыту, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттық идеологияны дамыту, қазақ жазушыларының шығармаларын насихаттау, өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу мақсатындағы «Бір ел - бір кітап» акциясы кітапханамызда дәстүрлі түрде жалғасын табуда. Биыл «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ортақтаса оқуға Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы таңдалды. Осы акция аясында облыстық кітапхана Орал және мұнай-газ салалық технология  колледжі студенттерімен бірлесе отырып, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау, қазақ әдебиетін жандандыру, жастардың рухани жетілуіне жол ашу   мақсатында ақын Фариза Оңғарсынованың  шығармашылығына арналған «Тыңда, мені жүрекпен!» атты ән-жыр кешін өткізді.    
Кеш барысында  қалың оқырман ақынның  өмірі мен шығармашылық еңбегі туралы терең мағлұмат алды. Колледж студенттері Ф. Оңғарсынованың «Ер-тұрман», «Айналайын ауылдың адамдары-ай», «Жаулықтар», «Қазақтың батырлары», «Өлең» т.б. жырларын жатқа оқып, әндер шырқады. 
Кеш қонақтары «Жайық ұстазы» газетінің редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын  Таубаева Ақмаржан Бақытқызы  Фариза Оңғарсынова туралы, ақынмен кездесулері, өмірдегі адамгершілік келбеті туралы сыр шертсе, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Көшәлиева Сара Көшәліқызы акция мақсатымен, оның аясында өтілетін бағдарламалармен  таныстырып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
Сондай-ақ,  ақын Фариза Оңғарсынова туралы бейнебаян көрсетіліп, шығармашылығына арналған «Тұнық жырдың тұмары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.  
Кеш соңында  қонақтарға, колледж  ұстаздары мен студенттеріне  алғыс хаттар мен Ф.Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр жинағының электрондық нұсқасы ұсынылды.

    Кеш барысында Орал және мұнай-газ салалық технология  колледжінің студеттері Ф. Оңғарсынованың «Ер-тұрман», «Айналайын ауылдың адамдары-ай», «Жаулықтар», «Қазақтың батырлары», «Өлең» т.б. жырларын жатқа оқып, әндер шырқады.             
video
video





Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының оқырманы 
Жантілеу Нуфтуллиннің орындауындағы 
Фариза Оңғарсынованың "Ғашық емес ем" әні



video

  "Бір ел- бір кітап" акциясы аясындаhttp://www.youtube.com/watch?v=ZFBltA1LVBo
  
 29 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Шұрайлы жырдың шырайы» атты ғылыми конференция өтті.  

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Шұрайлы жырдың шырайы» атты ғылыми конференцияда ақын, журналист, «Орал өңірі» газетінің меншікті тілшісі Т.Жазықбай «Шұрайлы жырдың шырайы», ұстаз, Жұбантанушы Ү.Елеубайқызы      «Фариза –ақын, әйел әлемді ойлар» тақырыбында баяндама жасады.  Шара барысында жас оқырмандар ақын щығармаларын мәнерлеп оқыды. Конференцияға ақын А.Бақтыгереева қатысып, Фариза шығармашылығы туралы   өз пікірін білдірді. 










среда, 30 октября 2013 г.



Тартады бозбаланы магнитім”   поэмасы

    Бұл поэмада да ақын және өнерпаз қыз Майра образы
өз табиғи болымсы: нәзіктігі, еркелігі, батылдығы,ашық
көңілділігі, шыншылдылығы, адалдығы, арманшылдығы,
т.б. керемет қасиеттері арқылы шебер өре білген.
Шығармадағы “Майраның әндері”, “Майраның болыс
жездесіне айтқаны”,“Ағаларына өкпелеп айтқаны”,
“Кәналаған билерге айтқаны”,“Майраның інісіне айтқаны”
т.б.мазмұн және форма жағынан өте дұрыс ойлап 
табылған,олар сюжеті мен композициясы жағынан 
да орнында тұр
        Бұл поэма Ф. Оңғарсынова шығармашылығын
идеялық-эстетикалық, көркемдік-поэтикалық жақтан
толықтыра түседі.
         
 “Мен өмірді сен деуші ем...” –бұл поэма күнделік түрінде берілген.37 бөлімнен тұрады.Махаббат лирикасына жазылған  шығарма.Поэмада майда оқиғалар жоқ. Ақын кейіпкерлерінің  мінезін, сезімін психологиялық өзгерістер арқылы табиғи түрде  ашады.Әрине, шындықты баяндайды.




    
Қысқаша айтқанда, бұл- поэма ғашықтықта тұрақсыздықты әшкерелейтін, өліп-талып сүйетін мұндай берік, адал, мөлдір махаббат- тек   қана осы шығармаға тән екен деген әсер қалдырады. Оның идеялық-эстетикалық күші, поэтикалық сипаты оқырманды  өзіне тартпай қоймайды.
“Тыңдаңдар ,тірі адамдар

Ф.Оңғарсынованың“Тыңдаңдар ,тірі адамдар” 
поэмасы  тек қана соғыс жайында  жазылған шығарма емес,  ол өмір, өмір мен қаһарман-
дықтың  арақатынасы ,өмір мен мезгілсіз кел-
ген өлім,жастық, жастықтың беймезгіл мерт
болуы  ада.
 жайында  жазылған шығарма.
Тыңдаңдар тірі адамдар!”-бұл публицистикалық поэма. Шығармада
қазақ халқының батыр қыздары Мәншүк пен Әлияның бүкіл адамзатқа
,бүгінгі ұрпаққа қарай үн қатқан жан дауыстары бар.Бұл дауыста ӛмір
философиясы,ӛмір ләззаты, сұлулығына ғашықтық, туған жер мен
Отанға махаббат,уақыт пен дәуірдің барлық қыралы жақтары, адалдық
пен жауыздықтың күресін терең ұғыну сезімдері жинақтай алған. Осы
нәрселердің барлығын Ф.Оңғарсынова ақындық жүрекпен, бас
қаһармандардың монолгтары арқылы ерекше поэтикалық күшпен, саяси
толғаныстар ыңғайында керемет жырлайды.

воскресенье, 27 октября 2013 г.


“Қазақтың бір қызы бар Кәмшат
деген”поэмасы

Ф.Оңғарсынованың “Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген” поэмасы -XX ғасырдың 70 жылдарындағы 
заман тақырыбына, ӛндірістік мазмұнда құрылған поэма. 
Поэманың негізгі идеясы:ХХ ғасырдағы қазақ қыздарының қолы жеткен табыстарын,іс-әрекетін, келбетін, кең даланы кӛркейтуге  қосып жатқан үлесін,мақтаныш сезіммен жырлайды.Ақын Кәмшаттың қара басын, отбасын ғана емес,оның  ұстаздарын,достарын, құрбыларын айтып, қуантады.Фариза Кәмшат жайлы очерк, кейіннен  повесть және осы поэмасын жазыпты. 


пятница, 25 октября 2013 г.


           24 қазан күні  Оралдағы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты кешенінде «Бір ел-бір кітап» акция аясында Фариза Оңғарсыноваға арналған «Поэзия Патшайымы» атты оқырман конференциясы өтті. Кешке қатысқан қонақтар, аталмыш мектептің 10"а" сынып оқушылары Фариза апай туралы жылы өз лебіздерін білдіріп, өлеңдерін оқыды.
                
                                          

    С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арнарналған мектеп-                                      интернатының 10"а" сынып оқушысы Ж.Мұсірғали  Ф. Оңғарсынованың                                                                                       «Қыз сөзі»  атты  өлеңі.



video

среда, 23 октября 2013 г.

                                                 Құрметті блог оқырмандары!
        Сіздердің назарларыңызға менің әріптестерімнің Фариза Оңғарсынова  шығармашылығына арналған блогтар адресін төменде ұсынып отырмын.                                 

                                                          http://akfariza.blogspot.com/
http:www.molodezhka.blogspot.ru

           22 қазан күні Қаратөбе аудандық  ОКЖ-де  «Бір ел-бір кітап» акциясының 2013 жылғы таңдалған  кітабы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабын насихаттау барысында «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты жыр кеші мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

 Қаратөбе өлкесінде республикалық «Бір ел  - бір кітап» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған шараға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Исатаева Р.Ж., Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Өтешова З.Б. қатысты.  Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Бердіғалиева Г.С.  шараның мақсат-міндеттеріне тоқталып, барша оқырман қауымға рухани байлық тіледі. Жыр кешінде ақынның өлеңдерін аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері мен кітапханашылар, жас оқырмандар ерекше нақышта, тебірене оқыды.


        Көрермендер назарына Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгереева мен филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ның оқытушысы Зейнолла Мүтиевтің ақын шығармашылығы хақындағы ой-пікірлері ұсынылды.
Өлең сөздің құдіретін ұғындырған кеште оқырмандар қиялына да қанат бітіп, кеш көрігін қыздыра түсті. Кітапхананың тұрақты оқырманы, ардагер ақын Гүлбағида Қорғанова поэзия падишасының өлеңдеріне талдау жасап, шығармаларынан үзінділер оқып, оқырман қауымды поэзияны құрметтеуге, әдебиетке құштар болуға үндеді.
Жергілікті өнерпаздар Рүстем Ақташев, Рысгүл Жұмағалиева, Тұрсынбек Ахметов, Нұршат Исламғалиев «Жайықтың толқындары», «Білмеймін...», «Фаризаға» т.б. әндерді орындады. 










вторник, 22 октября 2013 г.

                                                          «Өмір деген - махаббат»


video


«Қазақстан» Ұлттық арнасынан 18 қазан күні Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Өмір деген - махаббат» атты кеш өтті. Қазақстан Ұлттық арнасы http://www.kaztrk.kz

пятница, 18 октября 2013 г.

       Западно-Казахстанская областная научно-универсальная  библиотека им. Жубана Молдагалиева, совместно с Западно-Казахстанским индустриальным колледжем,  в рамках республиканской акции «Одна страна - одна книга» организовали и провели литературно-музыкальный вечер «Поэзия падишасы», посвященный лирическому сборнику «Дауа» Фаризы Онгарсыновой,  народной поэтессы Республики Казахстан, лауреату Государственной премии.
Цель проведения мероприятия: познакомить учащихся с произведениями поэтессы, ее биографией; привить любовь  и уважение к поэзии, к Родине.
На вечере была оформлена  книжная выставка «Поэзия патшайымы», где вниманию учащихся были представлены произведения Фаризы Онгарсыновой, материал из периодических изданий о ее жизни и творчестве, а также видеослайды.
Начало вечера было открыто стихотворением Фаризы Онгарсыновой «Сырласу немесе Ана рухымен әңгіме».
Затем был продемонстрирован видеоролик о жизни и творчестве Фаризы Онгарсыновой.
Учащимися колледжа  Сағызбаевым Қолғанатом, Котловским Артуром, Тілекқабыл Данатом были прочитаны стихи Фаризы Онгарсыновой, которые экспрессивны, эмоциональны и живописны, все они  о любви, о людях, об истории своей земли -  «Тағдыр жайлы, ел жайлы...?», «Қаладағы өмір»,  «Махаббатсыз,сезімсіз көңіл жетім», «Әке», «Мол арман».
Қалмұхамедовым Арманом и Кенжеғалиевым Нұрланом были исполнены песни «Жайықтың толқындары», «Туған жер» на слова поэтессы.
Вечер был закрыт стихотворением Елеусінова Романа «Фаризаға арнау»

среда, 11 сентября 2013 г.

                                      

 «Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»

                                                                                                                                           Нұрсұлтан Назарбаев.



                                   Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

                   Менің блогым заманымыздың заңғар сөз зергерлерінің бірі - ақын Фариза апамызға арналып отыр. Жасынан халықтың көз алдында халықтық қуаныш нұрына бөленіп келе жатқан шағалалы шалқар апамыздың өмірі, шығармашылық жолы баршаға аян.              
      «Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын»,-деп көрнекті ақын Әбділда Тәжібаев айтқандай, Фариза апамыз біздің бақытымызға, халықтық байлығымызға айналып отыр.   
               Фариза Оңғарсынованың адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді.  Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсам әсте қателеспеймін.   Ақиқатын айтып, ағымнан жарылар болсам, Фариза Қазақ Елінің тұлғалы азаматы, көрнекті қоғам қайраткері. Бұл атаққа ол ақтаңгер ақындығымен де, тәуелсіздік жолындағы сіңірген жанқиярлық еңбегімен де өте лайық Азамат екендігі талассыз шындық.     
               Блогтың ең басты мақсаты-Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын - Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын оқырмандар арасында таныту, оқырмандардың поэзияға құмарлығын ояту, 
Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс-Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қорындағы Фариза апамыздың кітаптарымен таныстыру, "Дауа" өлеңдер кітабы 2013 жылы елімізде "Бір ел - бір кітап " акциясы бойынша оқуға таңдалғанды халыққа жеткізу болып табылады.
    
          Құрметті оқырмандар, бұл блогтан Фариза апамыздың өмірі туралы деректертерді, шығармаларын, "Бір ел - бір кітап " акциясы туралы және тағы да басқа керекті мағлұматтарды біле аласыздар.       
     
                   Сәттілік тілеймін!