пятница, 22 ноября 2013 г.

«Бір ел – бір кітап» – 2013 акциясы аясында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша Кітапханалық блогтардың Халықаралық байқауының қорытындысы 12 -желтоқсанда  жарияланады.
Құрметті байқауға қатысып жатырған әріптестерім, барлығыңызға сәттілік тілеймін! 

четверг, 31 октября 2013 г.

      29 қазан күні Ж.Молдағалиев атындағы БҚО ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен  Орал және мұнай-газ салалық технология  колледжінде  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, ақын Фариза Оңғарсынованың  шығармашылығына арналған «Тыңда, мені жүрекпен!» атты ән-жыр кеші өтті.

Еліміздің оқу мәдениетін дамыту, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттық идеологияны дамыту, қазақ жазушыларының шығармаларын насихаттау, өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу мақсатындағы «Бір ел - бір кітап» акциясы кітапханамызда дәстүрлі түрде жалғасын табуда. Биыл «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ортақтаса оқуға Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы таңдалды. Осы акция аясында облыстық кітапхана Орал және мұнай-газ салалық технология  колледжі студенттерімен бірлесе отырып, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау, қазақ әдебиетін жандандыру, жастардың рухани жетілуіне жол ашу   мақсатында ақын Фариза Оңғарсынованың  шығармашылығына арналған «Тыңда, мені жүрекпен!» атты ән-жыр кешін өткізді.    
Кеш барысында  қалың оқырман ақынның  өмірі мен шығармашылық еңбегі туралы терең мағлұмат алды. Колледж студенттері Ф. Оңғарсынованың «Ер-тұрман», «Айналайын ауылдың адамдары-ай», «Жаулықтар», «Қазақтың батырлары», «Өлең» т.б. жырларын жатқа оқып, әндер шырқады. 
Кеш қонақтары «Жайық ұстазы» газетінің редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын  Таубаева Ақмаржан Бақытқызы  Фариза Оңғарсынова туралы, ақынмен кездесулері, өмірдегі адамгершілік келбеті туралы сыр шертсе, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Көшәлиева Сара Көшәліқызы акция мақсатымен, оның аясында өтілетін бағдарламалармен  таныстырып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
Сондай-ақ,  ақын Фариза Оңғарсынова туралы бейнебаян көрсетіліп, шығармашылығына арналған «Тұнық жырдың тұмары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.  
Кеш соңында  қонақтарға, колледж  ұстаздары мен студенттеріне  алғыс хаттар мен Ф.Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр жинағының электрондық нұсқасы ұсынылды.

    Кеш барысында Орал және мұнай-газ салалық технология  колледжінің студеттері Ф. Оңғарсынованың «Ер-тұрман», «Айналайын ауылдың адамдары-ай», «Жаулықтар», «Қазақтың батырлары», «Өлең» т.б. жырларын жатқа оқып, әндер шырқады.             





Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының оқырманы 
Жантілеу Нуфтуллиннің орындауындағы 
Фариза Оңғарсынованың "Ғашық емес ем" әні




  "Бір ел- бір кітап" акциясы аясындаhttp://www.youtube.com/watch?v=ZFBltA1LVBo
  
 29 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Шұрайлы жырдың шырайы» атты ғылыми конференция өтті.  

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Шұрайлы жырдың шырайы» атты ғылыми конференцияда ақын, журналист, «Орал өңірі» газетінің меншікті тілшісі Т.Жазықбай «Шұрайлы жырдың шырайы», ұстаз, Жұбантанушы Ү.Елеубайқызы      «Фариза –ақын, әйел әлемді ойлар» тақырыбында баяндама жасады.  Шара барысында жас оқырмандар ақын щығармаларын мәнерлеп оқыды. Конференцияға ақын А.Бақтыгереева қатысып, Фариза шығармашылығы туралы   өз пікірін білдірді. 










среда, 30 октября 2013 г.



Тартады бозбаланы магнитім”   поэмасы

    Бұл поэмада да ақын және өнерпаз қыз Майра образы
өз табиғи болымсы: нәзіктігі, еркелігі, батылдығы,ашық
көңілділігі, шыншылдылығы, адалдығы, арманшылдығы,
т.б. керемет қасиеттері арқылы шебер өре білген.
Шығармадағы “Майраның әндері”, “Майраның болыс
жездесіне айтқаны”,“Ағаларына өкпелеп айтқаны”,
“Кәналаған билерге айтқаны”,“Майраның інісіне айтқаны”
т.б.мазмұн және форма жағынан өте дұрыс ойлап 
табылған,олар сюжеті мен композициясы жағынан 
да орнында тұр
        Бұл поэма Ф. Оңғарсынова шығармашылығын
идеялық-эстетикалық, көркемдік-поэтикалық жақтан
толықтыра түседі.
         
 “Мен өмірді сен деуші ем...” –бұл поэма күнделік түрінде берілген.37 бөлімнен тұрады.Махаббат лирикасына жазылған  шығарма.Поэмада майда оқиғалар жоқ. Ақын кейіпкерлерінің  мінезін, сезімін психологиялық өзгерістер арқылы табиғи түрде  ашады.Әрине, шындықты баяндайды.




    
Қысқаша айтқанда, бұл- поэма ғашықтықта тұрақсыздықты әшкерелейтін, өліп-талып сүйетін мұндай берік, адал, мөлдір махаббат- тек   қана осы шығармаға тән екен деген әсер қалдырады. Оның идеялық-эстетикалық күші, поэтикалық сипаты оқырманды  өзіне тартпай қоймайды.
“Тыңдаңдар ,тірі адамдар

Ф.Оңғарсынованың“Тыңдаңдар ,тірі адамдар” 
поэмасы  тек қана соғыс жайында  жазылған шығарма емес,  ол өмір, өмір мен қаһарман-
дықтың  арақатынасы ,өмір мен мезгілсіз кел-
ген өлім,жастық, жастықтың беймезгіл мерт
болуы  ада.
 жайында  жазылған шығарма.
Тыңдаңдар тірі адамдар!”-бұл публицистикалық поэма. Шығармада
қазақ халқының батыр қыздары Мәншүк пен Әлияның бүкіл адамзатқа
,бүгінгі ұрпаққа қарай үн қатқан жан дауыстары бар.Бұл дауыста ӛмір
философиясы,ӛмір ләззаты, сұлулығына ғашықтық, туған жер мен
Отанға махаббат,уақыт пен дәуірдің барлық қыралы жақтары, адалдық
пен жауыздықтың күресін терең ұғыну сезімдері жинақтай алған. Осы
нәрселердің барлығын Ф.Оңғарсынова ақындық жүрекпен, бас
қаһармандардың монолгтары арқылы ерекше поэтикалық күшпен, саяси
толғаныстар ыңғайында керемет жырлайды.

воскресенье, 27 октября 2013 г.


“Қазақтың бір қызы бар Кәмшат
деген”поэмасы

Ф.Оңғарсынованың “Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген” поэмасы -XX ғасырдың 70 жылдарындағы 
заман тақырыбына, ӛндірістік мазмұнда құрылған поэма. 
Поэманың негізгі идеясы:ХХ ғасырдағы қазақ қыздарының қолы жеткен табыстарын,іс-әрекетін, келбетін, кең даланы кӛркейтуге  қосып жатқан үлесін,мақтаныш сезіммен жырлайды.Ақын Кәмшаттың қара басын, отбасын ғана емес,оның  ұстаздарын,достарын, құрбыларын айтып, қуантады.Фариза Кәмшат жайлы очерк, кейіннен  повесть және осы поэмасын жазыпты.