29 қазан күні Ж.Молдағалиев атындағы БҚО ғылыми-әмбебап
кітапханасының ұйымдастыруымен Орал
және мұнай-газ салалық технология
колледжінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Тыңда, мені
жүрекпен!» атты ән-жыр кеші өтті.
Кеш барысында қалың оқырман ақынның өмірі мен шығармашылық еңбегі туралы терең мағлұмат
алды. Колледж студенттері Ф. Оңғарсынованың «Ер-тұрман», «Айналайын ауылдың
адамдары-ай», «Жаулықтар», «Қазақтың батырлары», «Өлең» т.б. жырларын жатқа
оқып, әндер шырқады.
Кеш қонақтары «Жайық
ұстазы» газетінің редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Таубаева Ақмаржан Бақытқызы Фариза Оңғарсынова туралы, ақынмен
кездесулері, өмірдегі адамгершілік келбеті туралы сыр шертсе, Ж.Молдағалиев
атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Көшәлиева
Сара Көшәліқызы акция мақсатымен, оның аясында өтілетін бағдарламалармен таныстырып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
Сондай-ақ, ақын Фариза Оңғарсынова туралы бейнебаян
көрсетіліп, шығармашылығына арналған «Тұнық жырдың тұмары» тақырыбында кітап
көрмесі ұйымдастырылды.
Кеш соңында қонақтарға, колледж ұстаздары мен студенттеріне алғыс хаттар мен Ф.Оңғарсынованың «Дауа» атты
жыр жинағының электрондық нұсқасы ұсынылды.
Кеш барысында Орал және мұнай-газ салалық технология колледжінің студеттері Ф. Оңғарсынованың «Ер-тұрман», «Айналайын ауылдың адамдары-ай», «Жаулықтар», «Қазақтың батырлары», «Өлең» т.б. жырларын жатқа оқып, әндер шырқады.



















где
вниманию учащихся были представлены произведения Фаризы Онгарсыновой,
материал из периодических изданий о ее жизни и творчестве, а также
видеослайды.