Ақын шығармалары





                                       О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең,
                                Саған көңіл бұлқынар күш ағынмен.
                                Сағынышымды қанат қып саған қарай
                                Балапандай талпынып ұшамын мен.

                                Алақаны анамның – топырағың,
                                Сендік махаббатымның оты жалын.
                                Сені қалай сүюдің керектігін
                                Мен ешқандай кітаптан оқымадым.

                                                         Фариза Оңғарсынова

    Ф.Оңғарсынова  шығармалары:
1.  Оңғарсынова Ф. Мазасыз шақ. (Өлеңдер) – Алматы:- Жазушы,1972 -104б
2.     Оңғарсынова Ф. Шілде .Таңдамалы өлеңдер. – Алматы: -Жазушы, 1978 -318б.
3.     Оңғарсынова Ф. Сұхбат. Өлеңдер. –Алматы: -Жазушы, 1982-179б
4.    Оңғарсынова Ф. Маңғыстау монологтары. Өлеңдер. – Алматы: - Жазушы, 1986. -48 б.
5.    Оңғарсынова Ф. Дауа .Өлеңдер. – Алматы:-Жалын, 1985.-224 бил..
6.     Оңғарсынова Ф. Дауа .Өлеңдер. – Алматы: -Атамұра,2002. –288б.
7.     Оңғарсынова Ф.Мен саған ғашық емес ем...Өлеңдер.-Алматы:-«Жазушы».2009.-248б
8.      Оңғарсынова Ф. Әбділда Тәжібаев туралы ойлар.-// Толағай тұлға тарлан ед...Әбділда Тәжібаев туралы естеліктер.-құраст. Мырзахметова.- Алматы.- Білім.-2008-106б.
9.  Оңғарсынова Ф. Талантты тірісінде қадірлей алсақ...- //Қазақ әдебиеті.-2007.-28 қыркүйек
10.   Оңғарсынова Ф. Ай-көрік менің Астанам. -//Қітап патшалығы.-2011 .-№3-1б
11. Ф.Оңғарсынова : Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ./Сұхбаттасқан Б.Қарағызұлы - // Кітап патшалығы.-2011.-№3.-12-15б





2 комментария:

  1. Балтабаева Камилла, Жаңа технологиялар және электрондық ресурстар бөлімінің тұрақты оқырманы27 октября 2013 г. в 03:30

    Фариза – аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары. Екі ұдай дәурен кешіп жатқан бүгінгі қауымымызға ең керек ақын. Қайта қалғып кетпеуіміз үшін, асқақ арман үлесінен шыққанымызша алауымызды әлсіретпей, лапылдап маздай беруіміз үшін қажет өлеңдерін насихаттауда, осы блог құрған ,Айнара Халиоллаевна, Сізге үлкен рахметімді айтқым келеді!

    ОтветитьУдалить
  2. Каримова Ш. оқырман27 октября 2013 г. в 04:04

    Мен Фариза апаның өлеңдерін сүйіп оқимын. Бұл блог маған өте қатты ұнады. Пайдалануға өте ыңғайлы екен. Әсіресе "Дауа "кітабының электрондық нұсқасын алғаныма қатты қуанып отырмын. Рахмет Сізге осындай блог барына, Айнара Халиоллақызы

    ОтветитьУдалить